АҚДМ-де волонтерлік, қайырымдылық саласындағы пысықталған зң жобасы талқыланды

АҚДМ-де волонтерлік, қайырымдылық саласындағы пысықталған зң жобасы талқыланды

Жыл басынан бері Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне волонтерлік қызмет, қайырымдылық, мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс және үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар мәселелері бойынша толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын әзірлеу бойынша жұмыс жүргізуде.

Қазіргі уақытта жұмыс тобы түрлі алаңдардағы бірқатар талқылауларды аяқтап, жұмыс тобы мүшелерінің, жария талқылаулардың, сараптамалардың (құқықтық, экономикалық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы), мемлекеттік органдар мен «Атамекен» ҰКП-ның ескертулері мен ұстанымдары ескерілген заң жобасын пысықтады.

Жүргізілген заң шығармашылық жұмыстың нәтижелері бойынша волонтерлік және қайырымдылық саласын одан әрі жетілдіру жөніндегі Мемлекет басшысының тапсырмаларына сәйкес келетін нақты құқытық тетіктер әзірленіп, енгізілді.

Естеріңізге сала кетейік, жыл басынан бері жұмыс тобының 4 отырысы және заң жобасы бойынша 7 жария талқылау өткізілді. Заң жобалау жұмыстарының жоспарына сәйкес заң жобасын Үкіметтің қарауына жолдау шілде айында, Парламент Мәжілісі қыркүйекте жоспарланған.