
Жануарларға жауапкершілікпен қарауды қалыптастыруға бағытталған «Birgemiz: Аyala» жобасы аясында шағын гранттар конкурсы бойынша өтініштерді қабылдау мерзімі ұзартылды. Өтінімдерді қабылдау 2021 жылғы 8 маусымда сағат 20:00-ге дейін (Нұр-сұлтан уақыты бойынша) жалғасады.
Естеріңізге сала кетейік, конкурстың мақсаты - волонтерлік бастамаларды және жануарларға жауапкершілікпен қарауды қалыптастыру жөніндегі жобаларды дамытуға, волонтерлердің жеке бастамаларын қолдауға бағытталған конкурсты ұйымдастыру және 5 шағын грант (әрбір жобаға 500 мың теңге) бөлу.
Шағын гранттар конкурсына қатысуға Қазақстан Республикасының бастамашыл топтары мен үкіметтік емес ұйымдары қатыса алады. Оған еліміздің барлық өңірлерінің тұрғындары қатыса алады, алайда жоба Нұр-Сұлтан қаласының аумағында жүзеге асырылады. Байқау ережесін @league_volunteers және @birgemiz Instagram профильдерінің сипаттамасынан табуға болады.
Шағын гранттар беруге арналған Конкурс келесі 5 тақырып бойынша жарияланады:
Жануарларға жауапкершілікпен қарауды қалыптастыруға бағытталған «Birgemiz: Ayala» жобасы Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы мемлекеттік гранты шеңберінде іске асырылады.
Барлық қызығушылық танытқандар үшін мына нөмірге хабарласуға болады: +7 707 597 3421 немесе электрондық поштаға birgemiz.ayala@gmail.com