Заң жобасының талқылауы өтті

Заң жобасының талқылауы өтті

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне волонтерлік қызмет, қайырымдылық, мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс және үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар мәселелері бойынша толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заң жобасын қоғам өкілдерінің, ҮЕҰ,көпшілік алдында өңірлік талқылаулар сериясын өткізуді жалғастыруда.
Бүгін, 29 сәуірде, Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Түркістан облыстары және Шымкент қаласының өкілдерінің қатысуымен көпшілік алдында заң жобасының талқылауы онлайн – режимінде өтті.
Осы кездесу аясында қатысушылар аталған салалардағы проблемалық мәселелер мен ұсыныстарды айтып, осы бағытта одан әрі бірлескен жұмысты жалғастыру туралы келісімге қол жеткізді.