
«Қайырымды істер марафоны» аясында Жаңаөзен қаласында жаңа «Балақай» оңалту орталығы ашылды.
Айта кетсек, «Қайырымды істер марафоны» жобасы Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жүзеге асырылуда.
Орталықтың ашылу рәсіміне «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ басқарма төрағасы Алик Айдарбаев, «Samruk-Kazyna Trust» қорының өкілдері, «Өзенмұнайгаз» АҚ бас директоры Есен Өтеев, сондай-ақ ерекше қажеттіліктері бар балалардың ата-аналары қатысты.
Жобаның бастамашысы «Мұнайшы қамқоры» қоғамдық бірлестігі болды.
«Өзенмұнайгаз» компаниясы дене шынықтыру-сауықтыру орталығы негізінде үй-жай бөліп, күрделі жөндеу жүргізді. Бұдан басқа, орталықтың әкімшілік шығындарын өтеу үшін «Өзенмұнайгаз» АҚ қызметкерлерінің ай сайынғы ерікті жарналары есебінен қалыптастырылатын болады, олардың саны бүгінгі күні 9 мыңнан астам адамды құрап отыр.
Орталықта оңалтуға церебралды сал ауруы, аутистік спектрдің бұзылуы, психикалық дамуының тежелуі, гемипарез, нейро-ортопедиялық аурулар және т. б. сияқты диагноздары бар жылына 600-ге жуық бала тегін негізде қабылданады.
Орталықта оңалтуға церебралды сал ауруы, аутистік спектрдің бұзылуы, психикалық дамуының тежелуі, гемипарез, нейро-ортопедиялық аурулар және т. б. жылына 600-ге жуық бала тегін негізде қабылданады.
«Samruk-Kazyna Trust» қоры да бұл жобаны қолдап, Орталықты қажетті жабдықтармен қамтамасыз етті. Сонымен қатар, Орталыққа Жаңаөзен қаласының 15 білікті маманы жұмысқа орналастырылды.
Естеріңізге сала кетейік, «Қайырымды істер марафоны» іс-шаралары еліміздің барлық өңірлерінде жүзеге асырылуда және Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған.