Қоғамдық бақылау туралы заң жобасы бойынша жұмыс тобының кеңейтілген отырысы өтті

Қоғамдық бақылау туралы заң жобасы бойынша жұмыс тобының кеңейтілген отырысы өтті

АҚДМ қоғамдық бақылау туралы заң жобасын талқылау бойынша бірқатар кездесулер сериясын ұйымдастыруды жалғастыруда.

Бүгін онлайн-режимде қоғамдық бақылау туралы заң жобасын әзірлеу бойынша жұмыс тобының кеңейтілген отырысы өтті. Қоғам тарапынан ұсыныстар заң жобасын дайындау бойынша алдағы жұмыста қаралып, ескерілетін болады.
Кездесуге жұмыс тобының мүшелері, ҚР Парламентінің депутаттары, сарапшылар мен қоғам өкілдері қатысты.
Кездесу барысында азаматтық қоғам істері комитетінің төрағасы Мадияр Қожахмет қоғамдық бақылау туралы заң жобасының негізгі міндеттері мен нысандары, объектілері мен субъектілерінің құқықтары туралы айтты.
Парламент Мәжілісінің депутаты Ерлан Саиров заң жобасын әзірлеудің негізгі ережелері туралы халықты ақпараттандыру жұмыстарын күшейтуді және сарапшылардың ұсыныстарын ескеруді ұсынды.
Министрлік тарапынан сарапшылар мен жұртшылық өкілдерінің қатысуымен заң жобасын жария талқылауларды, кеңейтілген отырыстар мен кездесулерді онлайн-режимде ұйымдастыру жоспарлануда.