
2020 жылғы 29 қазанда ҚР АҚДМ әлеуметтік кәсіпкерлікті одан әрі дамыту ұсынымдарын әзірлеу жөніндегі онлайн конференция барысында еліміздегі Әлеуметтік кәсіпкерлікті дамытудың пилоттық бағдарламасының жобасын таныстырды.
Таныстыруды тікелей әзірлеуші-сарапшылар - әлеуметтік кәсіпкер, «GreenTal» әлеуметтік шеберханасының негізін қалаушы Эмин Әскеров, бизнес-тренер, кәсіпкер Медер Аматов жүргізіп, кіріспе баяндаманы Азаматтық қоғам істері комитеті төрағасының орынбасары
Гүлбара Сұлтанова бастады.
Спикерлер Пилоттық бағдарламаны әзірлеудің негізгі мақсаттары мен міндеттерін, Қазақстандағы әлеуметтік кәсіпкерлікті дамытудың кедергілері мен даму жолдарын атап өтті.
Сарапшылардың пікірінше, әлеуметтік кәсіпкерлердің басым бөлігі әлеуметтік жұмыс, әлеуметтік қорғау, қиын өмірлік жағдайдағы адамдарға көмек көрсету саласында дамуда. Талқылау барысында сарапшылар жастарды тарта отырып, басқа да ауқымды бағыттарға бастамашылық жасауды ұсынды.
Пікірталасқа қатысушылардың айтуынша, қазіргі уақытта нақты әлеуметтік кәсіпкерлердің өкілдігі өте аз, әлеуметтік кәсіпкерліктің тұжырымдамалық аппараты да бұрмаланған түрде.
Сондай-ақ, әлеуметтік кәсіпкерлікті ақпараттық жариялау мәселесі де назардан тыс қалған жоқ, әлеуметтік кәсіпкерлікпен айналысатындардың жартысына жуығы (49,8 %) аталған бағыт жеткіліксіз ақпараттандырылған деп санайды.
Онлайн-трансляция барысында тікелей қатысушылардың өздерінен біздің Отанымызда әлеуметтік бизнесті дамытуды жандандыру бойынша бірқатар сұрақтар мен ұсыныстар түсті.
Қатысушылар ҚР АҚДМ-нің осы саланы дамытудағы бастамаларына ризашылықтарын білдіріп, аталған құжатты қабылдау болашақта міндетті түрде әлеуметтік әсерді көрсетеді деп санайды.
Естеріңізге сала кетсек, Пилоттық бағдарламаның жобасы ҚР АҚДМ-нің «Әлеуметтік кәсіпкерлікті дамыту әлеуетін зерттеу және оны дамытудың негізгі әдістемелерін әзірлеу» зерттеу жұмыстары шеңберінде дайындалды.