Қазақстандағы туризм мен спортты дамытуға үкіметтік емес ұйымдардың ықпалы

Қазақстандағы туризм мен спортты дамытуға үкіметтік емес ұйымдардың ықпалы

2025 жылы 10 қазанда, XII Азаматтық форумға дайындық аясында, ҚР Туризм және спорт министрінің орынбасары Серік Жарасбаевтың үкіметтік емес ұйым өкілдерімен кездесуі өтті.

Кездесудің басты мақсаты – мемлекеттік органдар мен азаматтық қоғам арасындағы өзара байланысты нығайту, сондай-ақ туризм мен спортты дамытудың өзекті мәселелерін бірлесе талқылау.

Жиынға еліміздің барлық өңірлерінен 50-ден астам үкіметтік емес ұйым қатысты. Қатысушылар спорт инфрақұрылым қолжетімді ету, ішкі туризмді, инклюзивті және бұқаралық спортты дамыту жөнінде ұсыныстар айтты. Сонымен қатар, турист қауіпсіздігін қамтамасыз ету, қызмет көрсету сапасының стандарттарын жетілдіру және балалар мен жасөспірімдер спортын қолдау мәселелері қозғалды.

Диалог барысында мемлекет пен азаматтық қоғамның өзара тиімді байланысы саланың стратегиялық міндеттерін табысты жүзеге асырудың басты шарты екені атап өтілді.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар туризм мен спортты дамытуға, сондай-ақ халықтың әлеуметтік белсенділігін арттыруға бағытталған бастамаларды бірлесіп іске асыруға дайын екендігін растады.

 

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі