Қызылордада Азаматтық форум өтті: ауылдық аймақтарды дамытудағы азаматтық қоғамның рөлі

Қызылордада Азаматтық форум өтті: ауылдық аймақтарды дамытудағы азаматтық қоғамның рөлі

2025 жылдың 26 қыркүйегінде Қызылорда облысында «Ауылдық аймақтарды дамытудағы азаматтық қоғамның рөлі» тақырыбында Өңірлік азаматтық форум өтті.

Форумға мемлекеттік органдардың өкілдері, үкіметтік емес ұйымдар, сарапшылар қауымдастығы мен белсенді азаматтар қатысты. Іс-шара аясында ауылдық аумақтарды дамыту мәселелері қаралып, өңірлерде азаматтық қоғамның рөлін күшейтуге бағытталған нақты ұсыныстар әзірленді.

Форум бағдарламасы секциялық отырыстардан басталды. Онда жергілікті өзін-өзі басқарудың тиімділігін арттыру, ауылдық бастамаларды қолдау тетіктері, «ҮЕҰ туралы» заң жобасын талқылау, сондай-ақ ауылды дамытуда мәдени мұраны сақтау мәселелері талқыланды.

Пленарлық отырыста мемлекеттік құрылымдардың, депутаттық корпус пен азаматтық сектор өкілдері сөз сөйледі. Ерекше назар мемлекет пен қоғам арасындағы серіктестіктің нақты тетіктеріне аударылды.

Форум қорытындысы бойынша ауылдық аумақтарды дамыту бағытындағы ұсыныстар әзірленіп, олар биыл қазан айында Астанада өтетін XII Республикалық азаматтық форумда қаралатын болады.

 

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі