2024 жылғы 9 ақпанда Астанада Мәдениет және ақпарат министрлігінің Қоғамдық кеңесінің 2024 жылғы алғашқы отырысы өтті.
Іс-шараға Мәдениет және ақпарат вице-министрі Д.Р. Қадыров қатысты, ол қазіргі уақытта қоғамдық кеңестердің халықты толғандыратын мәселелер бойынша қоғамдық консультациялар өткізу тәжірибесі енгізіліп жатқанын хабарлады.
Осыған байланысты, уәкілетті орган кәсіби сарапшылармен бірлесіп қоғамдық консультацияларды ұйымдастыру және өткізу бойынша ұсынымдар әзірледі.
Отырыс барысында Қоғамдық кеңес мүшелері Ақпарат комитетінің төрағасы М.А. Рахановтың ақпараттық кеңістікті қажетсіз контенттен қорғау бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы ақпаратын тыңдалды.
Сондай-ақ Азаматтық қоғамды дамыту тұжырымдамасын іске асыру нәтижелері туралы Азаматтық қоғам істері комитеті төрағасының міндетін атқарушы Г.Б. Сұлтанова хабардар етті.
Кеңес мүшелері талқылау қорытындысы бойынша ұсынымдар жобасына өз ұсыныстарын берді.
Кеңес отырысы уәкілетті органның бастамасымен арнайы жабдықталған қоғамдық кеңестер үшін бірыңғай конференц-залда ұйымдастырылды.
Осы залда алдағы уақытта Астана қаласында орналасқан барлық қоғамдық кеңестер кездесулер, отырыстар, кеңестер өткізе алады.