Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде Конрад Аденауэр атындағы қормен өзара іс-қимыл мүмкіндіктерін талқылады.
2024 жылғы 18 қаңтарда Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінде ведомствоның құрылымдық бөлімшелері басшыларының Конрад Аденауэр атындағы қордың Қазақстандағы директоры Йоханнес Раймен екіжақты кездесуі өтті.
Министрлік өкілдері министрліктің үкіметтік емес сектормен өзара іс-қимылы, түрлі ҮЕҰ-ға қолдау көрсету, азаматтық белсенділік, азаматтық қоғам институттарын гранттық қаржыландыру, сарапшылар қауымдастығы мен халықаралық ұйымдармен өзара іс-қимыл саласындағы қызметі туралы айтып берді.
Конрад Аденауэр атындағы қордың Қазақстандағы өкілдігінің директоры Йоханнес Рай кездесуге қатысушыларды қордың мақсаттары мен міндеттері, ұйымның қызметі, негізгі серіктестері мен жобалары туралы хабардар етті.
Ағымдағы жылдан бастап Конрад Аденауэр атындағы қордың Қазақстандағы өкілдігі «Қазақстанның Азаматтық Альянсы» ЗТБ серіктестігімен жаңа «Адал Азамат» журналын шығаруға қолдау көрсете бастады.
Қор журналды Қазақстандағы азаматтық қоғамды дамытудағы негізгі идеялар мен мәселелерді талқылау алаңы ретінде қарастырады.
Кездесу барысында гранттық қаржыландырудың бірыңғай операторы «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ-ның жұмысы таныстырылды.
Тараптар 2024 жылы азаматтық қоғамды дамыту саласындағы министрлік пен қор арасындағы ынтымақтастық туралы ұсыныстарды талқылады.