Бүгін Мәдениет және ақпарат вице-министрі Данияр Қадыровтың төрағалығымен Үйлестіру кеңесінің отырысы өтті.
Кеңес отырысының жұмысына ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың басшылары мен ҮЕҰ өкілдері қатысты.
Негізгі баяндамашылар ретінде ҚР Әділет, қаржы, сауда және интеграция, экология және табиғи ресурстар, ішкі істер министрліктерінің, Атырау, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстары әкімдіктерінің өкілдері, «Қазақстанның Азаматтық Альянсы» ЗТБ президенті сөз сөйледі.
Іс-шарада Атырау, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарының үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау және азаматтық бастамаларды қолдау жөніндегі жұмыстары, құқық бұзушылықтың алдын алу мәселелері, жұмыс жасамайтын (әрекет етпейтін) ҮЕҰ-ларды жабу үшін қысқартылған рәсімді енгізу жөніндегі мәселелер, сонымен қатар 2024 жылға арналған әлеуметтік жобалардың тақырыптары мен 2024 жылға арналған жұмыс жоспары талқыланды.
Үйлестіру кеңесі отырысының қорытындысы бойынша ҮЕҰ мен мемлекеттік органдардың өзара іс-қимылын одан әрі жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірленді.