«Ұлттық және Халықаралық Дамыту Бастамалары Институты» қоғамдық қоры Алматы қаласында «КЕҰ-ға қатысты ФАТФ 8 ұсынысының қолданылуын түсіндіру» өңірлік семинарын өткізді.
2023 жылғы 20 қарашада «Ұлттық және Халықаралық Дамыту Бастамалары Институты» қоғамдық қоры («ИНМИР» ҚҚ) Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы шеңберінде қызметі азаматтық қоғамның өзара іс-қимылы мен дамуымен байланысты КЕҰ басшылары мен өкілдері үшін Алматы қаласында «КЕҰ-ға қатысты ФАТФ 8 ұсынысының қолданылуын түсіндіру» өңірлік семинарын өткізді.
Өңірлік семинар Алматы, Шымкент қалаларынан, Жетісу, Алматы, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қызылорда және Түркістан облыстарынан 60-тан астам қатысушыны жинады.
Алматыда өткен «КЕҰ-ға қатысты ФАТФ 8 ұсынысының қолданылуын түсіндіру» семинары осындай оқыту іс-шараларының сериясын аяқтады. Өңіраралық тәсілдің арқасында 3 қалада Қазақстанның барлық өңірлерінен КЕҰ және жергілікті атқарушы органдар оқытылды.
Алматыда өткен семинар шеңберінде қатысушылармен тек сарапшы – жаттықтырушылар ғана емес, сонымен қатар мүдделі мемлекеттік органдардың өкілдері, сонымен қатар 2022 жылдың қыркүйегінде Қазақстан Еуразиялық Топтың ақшаны жылыстатуға және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жөніндегі өзара бағалауынан сәтті өткенін атап өткен ҚР ҚМА терроризмді, есірткі бизнесін қаржыландыру және жаппай қырып-жою қаруын тарату саласындағы қаржы мониторингі Департаменті басшысының орынбасары Барикенов Есен Сайлаубекович қатысты. Сарапшылар Қазақстанның жылыстатуға қарсы жүйесінің тиімділігін жақсы бағалады. "Коммерциялық емес ұйымдар" ФАТФ 8 Ұсынысы "Айтарлықтай сәйкестік" бағасын алды. Алайда, оңды аспектілерге қарамастан, жоғары назар аударуды және жұмысты күшейтуді талап ететін бірқатар мәселелер бар: 1) КЕҰ-ны терроризмді қаржыландыруға және өзге де құқыққа қайшы қызметке тартудың бар тәуекелдері туралы хабардар ету; 2) халықаралық практика мысалында КЕҰ қоғамға есеп берудің ашықтық құндылықтарына сәйкес келуі және қызметін жарғылық мақсаттарға сәйкес жүзеге асыруы тиіс.
Өз сессиясы шеңберінде жаттықтырушы Айгуль Каптаева қатысушыларды ФАТФ құрылу тарихымен және миссиясымен таныстырды. Содан кейін жаттықтырушы КЕҰ-ны терроризмді қаржыландыру мақсатында пайдаланудан қорғауға бағытталған 8 ФАТФ-тың арнайы ұсынысы, сондай-ақ оны Қазақстанда іске асыру тәжірибесі туралы айтып берді. Қатысушылар ФАТФ жақында 8 Ұсыныстың мәтінін қайта қарап, оның тиімді қолданылуын қамтамасыз ету және КЕҰ қызметіне теріс әсерді азайту мақсатында өзгерістер енгізгенін білді. Сонымен қатар, жаттықтырушы қатысушылардың назарын тәуекелге бағдарланған тәсіл негізінде КЕҰ-ны терроризмді қаржыландыруға тарту тәуекелдерін бірлесіп бағалау үшін КЕҰ-ның Үкіметпен ынтымақтастығының маңыздылығына аударды.
Осы жылы ФАТФ коммерциялық емес секторды шектен тыс реттеуге әкеліп соқтыратын қате қолдануды болдырмау үшін 8 Ұсынысты қайта қарау бойынша көп жұмыс атқарғанына байланысты бұл семинар ерекше өзекті болып табылады. Осыған байланысты Қазақстан ФАТФ жаңартылған стандарттарына сәйкес келу мақсатында коммерциялық емес сектордағы тәуекелдерді бағалауға өзінің тәсілін қайта қарауы тиіс.