Меню

Страницы

Статья

Медиация саласындағы мемлекеттік саясатты және қызметті мемлекеттік реттеуді жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлеу жөніндегі жұмыс тобының отырысы өтті

Медиация саласындағы мемлекеттік саясатты және қызметті мемлекеттік реттеуді жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлеу жөніндегі жұмыс тобының отырысы өтті

 

Бүгін Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде медиация саласындағы мемлекеттік саясатты және қызметті мемлекеттік реттеуді жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлеу жөніндегі жұмыс тобының алғашқы отырысы өтті.

Жұмыс тобының отырысына орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың өкілдері, медиатор ұйымдарының басшылары қатысты.

Министрлік 2021 жылдан бастап медиация саласының жұмыс істеуін және дамуын қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті орган.

Жұмыс тобының жетекшісі, ҚР Парламенті Сенаты 
VII шақырылымының депутаты Ләззат Сүлеймен отырысты ашып, уәкілетті органның жанынан жұмыс тобын құру медиация саласындағы қызметті мемлекеттік реттеуді жетілдіру бойынша ұсыныстарды дамытуға және әзірлеуге серпін беретінін атап өтті.

Мәдениет және ақпарат вице-министрі Данияр Қадыров өз сөзінде Министрліктің медиация жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі жұмысының барысы мен нәтижелері туралы баяндады.

Д.Қадыров жыл басынан бері алғаш рет іске асырылған «Халықты құқықтық хабардар ету және қоғамдық медиаторларды оқыту», дауларды сотқа дейін реттеуді (Медиацияны) дамыту мәселелері жөніндегі диалог алаңдарын ұйымдастыру» гранттық жобасы аясында еліміздің 12 өңірінде (Астана қаласы мен Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Маңғыстау, Абай, Ақмола, Атырау, Ақтөбе, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстары) 140 өңірлік іс-шара өткізілген «жатқанын атап өтті. Сондай-ақ өңірлердегі азаматтарды медиацияны қолдану туралы ақпараттандырудың маңыздылығын атап өтті. Баяндама соңында вице-министр Министрліктің алдағы міндеттеріне тоқталды.

Өз кезегінде Жоғарғы Соттың бұрынғы судьясы Ұ.Сүлейменова сот жүйесіндегі дауларды сотқа дейін реттеу тәжірибесінің нәтижелері және осы тәжірибені кеңейту қажеттігі туралы атап өтті.

Жоғарғы Сот өкілінің деректері бойынша 2023 жылдың 9 айында медиативтік келісім бойынша 50 мың іс қаралған. Бұл жалпы сот саласында аяқталған істердің 12,6% құрайды.

Отырыс барысында бейінді министрліктер өкілдерінің, кәсіби және қоғамдық медиаторлардың медиация бойынша атқарылған жұмыстар туралы баяндамалары тыңдалды.

Жергілікті атқарушы орган өкілдері бейнеконференцбайланысы арқылы медиация саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру туралы баяндама жасап, бірқатар мәселені атап өтті.

Халықаралық медиация институтының директоры                                   Ж.Үсіпбекованың ақпаратына сәйкес, а.ж. 26 сәуірінен бастап «Саламатты Қазақстан медициналық пойызы» әлеуметтік жобасының аясында еліміздің үздік дәрігерлерінің, медиаторлары мен заңгерлерінің қатысуымен 8 068 азаматқа тегін құқықтық және медиативтік (татуластыру) көмек көрсетілген.

Отырыс қорытындысы бойынша медиация жұмыстарын жақсарту бойынша ұсыныстар әзірленді және оларды орындау үшін тиісті мемлекеттік органдарға жолдау жоспарлануда.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Дата публикации
03 ноября 2023
Дата обновления
03 ноября 2023
Тип
Баспасөз релиздері

Сейчас читают

Баспасөз релиздері
19 апреля 2024
Соттан тыс медиацияны одан әрі дамыту тұжырымдамасының жобасы әзірленді
Пайдалы ақпарат
17 апреля 2024
«Қоғамдық бақылау туралы» Заңның негізгі новеллаларын түсіндіру жұмыстары жалғасуда
Баспасөз релиздері
12 февраля 2024
Мәдениет және ақпарат министрлігінің Қоғамдық кеңесі өз жұмысын жалғастыруда

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы