Меню

Страницы

Статья

«Стратегиялық коммуникация: жаңа әдістер мен перспективалар» атты мемлекеттік орган өкілдеріне арналған семинар өткізілді

Астана қаласында отандық және шетелдік мамандардың қатысуымен «Стратегиялық коммуникация: жаңа әдістер мен перспективалар» атты мемлекеттік орган өкілдеріне арналған семинар өтті.

Шараны ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен Қазақстандық қоғамдық даму институтының «MediaLab» орталығы Maqsut Narikbayev University-мен бірлесе өткізуде.

Семинардың ашылу салтанатына ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Азаматтық қоғам істері комитеті төрағасының орынбасары Перизат Сәдуақас, Maqsut Narikbayev University АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Ерболат Мұхамеджан, Қазақстандық қоғамдық даму институтының Басқарма төрағасы Нұрбек Матжани қатысты.

Алдымен, Перизат Сәдуақас қатысушыларға сәттілік тілеп, семинардың маңызына тоқталды. «Мемлекет саясатын жүзеге асыруда, дағдарыс жағдайларында және «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» қағидасына сәйкес, қоғамды тыңдау, түсіну, тілдесу кезінде баспасөз қызметі ерекше рөл атқарады. Осы сала мамандарының дәл бүгінгідей қарқынды дамып жатқан ақпараттық дәуірде қоғаммен және бұқаралық ақпарат құралдарымен тығыз әрі белсенді жұмыс істеуі өте маңызды. Сондықтан бүгінгі шара баспасөз қызметі саласындағы түрлі трендтер талқыланатын, өңірден және орталықтан келген мамандар жаңа ақпарат алып, тәжірибе алмасатын алаң болады деп есептеймін»,- деді спикер.

Содан соң Voice Power сарапшысы, іскерлік коммуникация саласының тренері, журналист Руслан Идрисов «Келіссөздер - тиімді коммуникацияның маңызды факторы» тақырыбында уоркшоп өткізді. Ол баспасөз қызметі мамандары үшін тайм-менеджментті дұрыс жоспарлау мен өзін-өзі таныстырудың маңызын атап өтті. Спикер сөзін: «Барлық келіссөздің мақсаты жақсы нәтижеге жету екенін ұмытпау керек»,- деп қорытындылады.

Одан бөлек, шетелдік сарапшы, Off the Record Strategies стратегия жəне коммуникация бағытында қызмет көрсететін компанияның президенті Марк Пфайфл «Шындықты құтқару: постфактум дəуіріндегі күрес» атты уоркшобында фактчек жасаудың қадамдарына тоқталды. Ол АҚШ-тағы баспасөз қызметін негізге ала отырып, осы сала мамандары үшін ақпарат алмасудың маңызы мен бірлесіп жұмыс істеудің қажеттігін, сондай-ақ қоғамның сеніміне ие болу мәселесін қозғады.

Ал TedxAstana тренері, қоғаммен байланыс саласының сарапшысы Салтанат Әскербекқызы «Тиімді коммуникациялар: қақтығыстардың сипаты жəне табыс факторлары» уоркшобында коммуникация саясаты, стратегиясы және баспасөз қызметінің медиа-жоспары деген бағыттарды қамтыды.  

Айта кетейік, семинар мемлекеттік орган өкілдерінің қоғаммен және БАҚ өкілдерімен өзара қарым-қатынас орнатуына қажетті коммуникация дағдыларын жетілдіру мақсатында ұйымдастырылды.  
 Шара екі күнге созылды.

Дата публикации
30 октября 2023
Дата обновления
30 октября 2023
Тип
Баспасөз релиздері

Сейчас читают

Баспасөз релиздері
19 апреля 2024
Соттан тыс медиацияны одан әрі дамыту тұжырымдамасының жобасы әзірленді
Пайдалы ақпарат
17 апреля 2024
«Қоғамдық бақылау туралы» Заңның негізгі новеллаларын түсіндіру жұмыстары жалғасуда
Баспасөз релиздері
12 февраля 2024
Мәдениет және ақпарат министрлігінің Қоғамдық кеңесі өз жұмысын жалғастыруда

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы