ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің Азаматтық қоғам істері комитеті «Волонтерлік саласындағы іс-шаралар кешенін ұйымдастыру «Birgemiz: areket yaqyty»» (Республикалық волонтерлер фронт-офисінің қызметін ұйымдастыру)» стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырыс бағыты бойынша конкурсқа құжаттарды қабылдайтындығы туралы хабарлайды.
Конкурсқа өтініш берушілердің құжаттары ағымдағы жылғы
12 қаңтардан бастап 12 ақпанда 18:30-ға дейін strat.partner@mail.kz электрондық мекенжайға қабылданады.
Конкурстық құжаттамамен көрсетілген сілтеме бойынша танысуға болады https://www.gov.kz/memleket/entities/akk/documents/details/583593?lang=kk
Стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырысты жүзеге асыру қағидаларына (https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2300032852),
сондай-ақ бекітілген конкурстық құжаттамаға сәйкес, әлеуетті өнім берушілер (ҮЕҰ) Қағидалардың 3-тарауының 7. тармағында көрсетілген талаптарға сәйкес келуге тиіс.
Конкурсқа ұсыну үшін қажетті құжаттар пакеті Қағидалардың
3-тарауының 10. тармағында көрсетілген.
Сұрақтар туындаған жағдайда келесі нөмірлерге хабарласуға болады:
8 (7172) 74-09-97, 74-12-86, 74-02-17.
Ескерту!
Өтінімді strat.partner@mail.kz электрондық мекенжайға жібергеннен кейін техникалық ақауларды болдырмау мақсатында 8 (7172) 74-09-97 нөмірі бойынша бізбен міндетті түрде хабарласуыңызды сұраймыз.