
Ұлттық статистика бюросының мәліметіне сәйкес, 2024 жылы өңірге 428 мыңнан астам турист келген, оның ішінде 410 мыңы – ішкі туристер (өсім 16,5%), 18 мыңы – шетелдік қонақтар.
Туристерді қоныстандыру қызметтері көлемі 8 млрд теңгені құрап, 34,4%-ға өсті. Туризм саласына 15 млрд теңге инвестиция тартылып, 5 ірі туристік нысан пайдалануға берілді, ал қонақ үй қоры 500 орынға ұлғайған. 2029 жылға дейін туристер ағынын 650 мың адамға дейін арттыру жоспарланып отыр.
Инфрақұрылымды дамыту:
Әуежай құрылысы:
2025 жылдың мамыр айында Катонқарағай ауданында және Зайсан қаласында әуежай құрылысы басталды. Құрылысты желтоқсан айында аяқтау жоспарлануда.
Туристерге жағдай:
2024 жылы 12 санитарлық-гигиеналық торап орнатылды:
Іс-шаралық туризм:
Өңір "4E: Eco, Ethno, Event & Entertainment" тұжырымдамасын белсенді жүзеге асыруда.
2024–2025 жылдары маңызды шаралар өтті:
Алдағы уақытта Катонқарағайда рафтинг фестивалі мен "Шығыс салбурыны 2025" өткізу жоспарлануда. Бұл шараларды БҰҰ Дүниежүзілік туристік ұйымының күнтізбесіне енгізу қарастырылып жатыр.
Туризмді қолдау:
"Ауыл Аманаты" бағдарламасы аясында 2024 жылы 467,6 млн теңгеге 27 жоба қаржыландырылды. 2025 жылы өңірлік туризмді дамытуға 1,5 млрд теңге бөлінді.