ШҚО әкімі омбудсмендермен кездесу өткізді

ШҚО әкімі омбудсмендермен кездесу өткізді

Облыс әкімдігінде Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Шығыс Қазақстан облысы бойынша өкілі С. Мизанбеков, ШҚО бойынша Балалар құқықтары жөніндегі уәкіл А. Каленова, ШҚО бойынша студенттердің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкілі А. Кәрібай, мүмкіндігі шектеулі жандардың мәселелері жөніндегі кеңесші О. Кузовлева және гендерлік теңдік мәселелері бойынша кеңесші З. Камасовамен кездесу өтті.

Кездесу барысында Жаңа Қанайдағы психиатриялық аурухананың құрылысын аяқтау және Өскеменде жаңа тергеу изоляторының құрылысын бастауға көмек көрсету мәселелері көтерілді.

Одан өзге интернет алаяқтық мәселесі де сөз болды. Қазіргі таңда облыста тек 34580 адам ғана е-GOV порталы арқылы несие мен микрозайм рәсімдеуден ерікті түрде бас тарту қызметін пайдаланған.

Интернет-алаяқтық тәуекелдерін азайту мақсатында халық арасында e-GOV порталы арқылы несиелер мен микрокредиттер алудан ерікті түрде бас тартуды ұйымдастыру мүмкіндігі туралы кең ауқымды түсіндіру жұмыстарын жүргізу, сондай-ақ Халыққа қызмет көрсету орталықтарында азаматтарға осы мемлекеттік қызметті ұйымдастыруда көмек көрсету бойынша практикалық жұмыстарды жүргізу ұсынылады.

Кездесуде мүмкіндігі шектеулі жандарға қатысты сұрақтар да қойылды.

Облыс әкімі орынбасарлары мен тиісті уәкілетті басқармаларға барлық ұсыныстар мен түйткілді мәселелерді бақылауға алуды тапсырды.