«ШЫҒЫС – АДАЛДЫҚ АЛАҢЫ» ЖОБАСЫ ӨҢІРДЕ ЖҮЙЕЛІ ІСКЕ АСЫРЫЛУДА

«ШЫҒЫС – АДАЛДЫҚ АЛАҢЫ» ЖОБАСЫ ӨҢІРДЕ ЖҮЙЕЛІ ІСКЕ АСЫРЫЛУДА

Республикалық «ANTIKOR LIVE» жобасы аясында ШҚО әкімінің бірінші орынбасары, «Шығыс – Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің кураторы Алмасхан Сматлаев Шығыс Қазақстан облысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияны және «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру тақырыбында ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігімен тікелей эфирге шықты.

ШҚО әкімінің бірінші орынбасары Алмасхан Сматлаев:

«Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын және Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру шеңберінде тапсырмаларды орындау үшін облыста сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға және болдырмауға бағытталған белсенді жұмыс жүргізілуде. «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы аясында 4 қалалық әкімдік, 15 аудандық және 9 ауылдық әкімдік «Ашық әкімдік» форматындағы сервистік модельге көшті. Бүгінгі таңда облыстың 115 мемлекеттік органы мен квазимемлекеттік мекемесі фронт-кеңселер ашып, «Open Space» форматында жұмыс істейді. Бұл бағытта біздің облыс Агенттік тарапынан оң бағаланып, көшбасшылардың бірі ретінде танылды. Сонымен қатар, 2019 жылдан бастап Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ШҚО бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Департаментімен бірлесіп, тұрмыстық сыбайлас жемқорлықты жоюға, халықтың өмірі үшін қолайлы жағдай жасауға және қоғамдық бақылауды жүзеге асыруға бағытталған «Шығыс - Адалдық алаңы» жобасын іске асыруда. Жобаның ұйымдық құрылымына қоғамдық пікір көшбасшылары, БАҚ және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері кіреді. «Шығыс - Адалдық алаңы» жобалық кеңсесі сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша ұйымдастыру іс-шараларының желілік кестесін әзірлеп, іске асыруда. Ағымдағы жылдың басынан бастап мемлекеттік сатып алу, білім беру, ТКШ, денсаулық сақтау, құрылыс және т.б. сияқты осал салаларда сыбайлас жемқорлықты бақылау мен алдын алуға бағытталған 200-ден астам іс-шара өткізілді.