
2025 жылғы 13 наурызда Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінде облыс әкімі аппараты басшысының орынбасары М. Асылхановтың төрағалығымен ZOOM режимінде скрам-кеңес өткізілді. Кеңеске облыстың қалалары мен аудандары әкімдері аппараттарының басшылары, облыстық басқармалардың орынбасарлары, сондай-ақ әрбір мемлекеттік органда ҮББ-4 ("Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл" үлгілік базалық бағыты) жұмысына жауапты тұлғалар қатысты.
ҮББ-4 жобалар тобының басшысы - Е.В. Карпова қатысушылардың назарына Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) әкімшілік практика туралы, соңғы 3 жылда республикада мемлекеттік қызметшілерге және оларға теңестірілген адамдарға қатысты 698 әкімшілік сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық тіркелгені туралы ақпаратпен хат жеткізді, сондай-ақ кеңес барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы іске асырудың негізгі шаралары талқыланды. Кеңес қорытындысы бойынша қатысушы басшыларға Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің хатын барлық мемлекеттік қызметшілерге, ведомстволық бағынысты ұйымдарға және квазимемлекеттік сектор ұйымдарына жеткізу қажеттігі туралы тапсырма берілді. 2025 жылға арналған ҮББ-4 жобалар картасының тапсырмаларын орындау шеңберінде құқық бұзушылықтарды анықтауды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулердің сақталуын мониторингтеуді қоса алғанда, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама нормаларын сақталуын бақылауды күшейту жөнінде алдын алу шараларын қабылдау қажеттігіне баса назар аударылды, келесідей: сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды анықтау (әкімшілік және қылмыстық); сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың (әкімшілік және қылмыстық) және мемлекеттік қызметке кір келтіретін құқық бұзушылықтардың жасалған фактілерінің мониторингі; бағыныстылардың сыбайлас жемқорлық қылмыстары үшін басшыларды тәртіптік жауапкершілік мониторингі; бұрын сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасаған адамдарды жұмысқа қабылдау фактілерінің мониторингі; сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді сақтау мониторингі.