Сондықтан облыста «Рухани жаңғыру» мемлекеттік бағдарламасы тиімді жүзеге асырылуда. Аталмыш бағдарлама аясында өңірдегі Қазақстан халқының мұрасын насихаттау жүргізілуде.
2016 жылдан бері өңірде аймақ басшысы Даниал Ахметовтің қолдауымен «Шығыс Қазақстан облысының археология саласындағы ғылыми-зерттеу жұмыстарын дамыту» бағдарламасы қолға алынды.
ШҚО-дағы археологиялық ескерткіштерді зерттеу жұмыстары еліміздегі танымал археологтар Зейнолла Самашев, Әбдеш Төлеубаев, Карл Байпақовтың жетекшілігімен жүргізілуде. Зерттеу жұмыстарына 20 түрлі шетелден келген археологтар қатысты.
2016-2019 жылдары облыста жүргізілген археологиялық жұмыстардың нәтижесінде 20 мың бірліктен астам артефакті табылды. Оның дені қайта жөндеуден өткізілуге берілсе, енді бірі зертханалық зерттеуге жолданған. Табылған артефактілер Шығыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану мұражайының қорын толықтырды.
Өңірдегі археология саласындағы ғылыми-зерттеу жұмыстары бағдарламасының жоспары 2021 жылға дейін ұзартылды.
Фото Шыгыс Акпарат, Тлеубек Шаяхмет