ШҚО-дағы арнайы мектептердің 170 тәрбиеленушісі жаңа оқу жылынан штаттық режимде білім алады

ШҚО-дағы арнайы мектептердің 170 тәрбиеленушісі жаңа оқу жылынан  штаттық режимде білім алады

         Тікелей эфир барысында аймақ басшысы Даниал Ахметов 2020-2021 жылғы оқу жылында арнайы мектептердің қалай істейтінін мәлім етті.

          Бүгінгі күні Шығыс Қазақстанда 12 арнайы ұйым бар. Онда 1633 бала білім алуда. Соның ішінде 170 тәрбиеленуші оқып жатқан 3 мектеп-интернат штаттық режимде жұмысын бастайды. Барлық санитарлық қауіпсіздік шаралары күшейтіледі. Оның ішінде Шығыс  Қазақстан облыстық жетімдер мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалғандарға арналған интернат пен ерекше білім беруді қажет ететін балалардың мекемесі және «Ақ ниет» мектеп-интернаты бар.

          Жалпы жиыны 1463 бала оқитын 9 мекеме қашықтықтан жұмыс істейтін болады. Сондай-ақ бұл мекемелерде кезекші сыныптар ашылады.