ШҚО ақпараттық орталығында өткен брифинг барысында жергілікті полиция қызметі басқармасы басшысының орынбасары Әсет Өтепов облыстың бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысына сәйкес 31 шілде мен 2 тамыз аралығында Құрбан айт мерекесіне орай құрбан шалу орындарында полиция бекеттері жұмыс істейтінін мәлім етті.
Әсет Өтеповтің айтуынша, бұл өз кезегінде қоғамдық тәртіп қадағалауға мүмкіндік береді.
- Біз облыс тұрғындарын карантин шараларын қатаң сақтап, Qurban2020.kz сайты арқылы онлайн құрбандық шалуларын сұраймыз, - деді Әсет Өтепов.