ШҚО-дағы науқастардың 50% жуығы жазылды

ШҚО-дағы науқастардың 50% жуығы жазылды
Аймақ басшысы Даниал Ахметов Covid-19 ауруына шалдыққандардың статистикасы жөнінде айтып берді.
Шығыс Қазақстан облысындағы ауруханалар 30 пайызға толды. Бұл туралы аймақ басшысы Даниал Ахметов мәлім етті.
Шығыс Қазақстанда 1 маусымнан бастап коронавирустық инфекция жұқтырғандардың саны 17 есеге (135-тен 2313-ке дейін) артқан. Бүгінгі күні 1242 (54%) науқастан вирустың клиникалық белгілер анықталған. Қалған 1071 (46%) адамда коронавирустық инфекция ешқандай белгісіз тіркелген.
Инфекциядан жазылғандар да бар. Осы күнге 1122 адам (48,5 %) дертінен айықты. Оның ішінде 505-і стационарда, 617-і амбулаториялық ем алған.
Қазіргі уақытта 1191 тұрғын стационарда ем алуда. Соның ішінде 537-і инфекциялық стационарда, 654-і провизорлық немесе амбулоториялық стационарда емделіп жатыр.  Пациенттердің жағдайы тұрақты.
Айта кетейік, шектеу шараларының нәтижесінде Семейдегі ауру көрсеткіші 1,5 есеге төмендеді. Дәл осындай нәтиже шілде айының орта шенінде Өскеменде де күтілуде.