Шекаралас аудандарда инвестициялық жобалар жүзеге асырылуда

Шекаралас аудандарда инвестициялық жобалар жүзеге асырылуда
ШҚО-да Марқакөл ауданының әкімідгі мен «ГРК МЛД» ЖШС және «East Copperproduction LLP» компаниясымен ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды. 
 
Меморандумның мақсаты – ауданда серіктестік орнатып, бірлескен инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыру.
 
– Келісім аясында әлеуметтік нысандар салу, көшелерді абаттандыру, жолдарды жөндеуді жоспарлап отырмыз. Бұл жаңадан құрылған шекаралас аудан үшін өте маңызды меморандум, - деді Марқакөл ауданының әкімі Рүстембек Кемешев.