Өскеменде ауқымды велошеру өтіп, оған барлық қала тұрғындары мен облыс орталығының қонақтары қатысты.
Велошерудің салтанатты ашылуы Есенберлина даңғылындағы Тәуелсіздік монументінің жанында өтті. Облыс әкімі Ермек Көшербаев қатысушыларға сәттілік тіледі.
– Мұндай шаралар жыл сайын өткізіліп тұратынына сенеміз және келесі жылы велоспорттан Қазақстан чемпионатын өткізуге өтінім берідік. Бұл облысымыз үшін үлкен шара болмақ, – деді дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Асқар Можанов.
Қатысушылар Республика алаңында мәреге жетті, онда ойын-сауық бағдарламасы мен марапаттау рәсімі өтті. Жүлдегерлер ақшалай сыйлықтарға ие болды. Велошерудің барлық қатысушылары естелік медальдармен марапатталды.