Тәжірибелік консультация

Тәжірибелік консультация

2024 жылғы 5 қыркүйегінде Шығыс Қазақстан облысы терроризмге қарсы комиссиясының жұмыс тобы құрамында жергілікті атқарушы органдардың,                    ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті, полиция, төтенше жағдайлар аумақтық департаменттерінің қызметкерлері бар діни қызмет саласында жұмыс істейтін объектілердің терроризмге қарсы қорғауды ұйымдастыруға қойылатын талаптарға сәйкестігіне көшпелі тексеру жүргізді.

Объектілердің басшыларына Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2023 жылғы 17 шiлдедегi № 284-НҚ бұйрығымен бекітілген Діни қызмет саласында жұмыс істейтін террористік тұрғыдан осал объектілердің (ғибадат үйлерінің (ғимараттарының) терроризмге қарсы қорғалуын ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықтың талаптары түсіндірілді.

Хабарлау және бейнебақылау жүйелері тексерілді. Ішкі бұйрықтар, тақырыптар, сабақтар мазмұны, терроризмнің алдын алу бойынша ісшаралар есепке алу журналдары, терроризмге қарсы қорғау паспорттары, күзет ұйымдарымен жасалған шарттар зерделенді. Қауіпсіздік жүйесіндегі белгіленген олқылықтар бойынша тиісті ұсыныстар берілді.