«Рахман қайнары» мемлекеттік органдардың балансына берілді

«Рахман қайнары» мемлекеттік органдардың балансына берілді
Электрондық сауда алаңында «Рахман қайнары» шипажайын мемлекеттік органдардың балансына беру бойынша сауда-саттық өтті.
 
    Сауда-саттық нәтижесінде шипажай Шығыс Қазақстан облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының балансына берілді. 
 
– 22 тамызда сауда-саттық өтті. Бүгінгі таңда нысанды қабылдауға мемлекеттік органдардан құралған комиссия барды. Шипажайды шетелдік компанияларға беру жоспарда жоқ, - деп атап өтті ШҚО кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының басшысы Ардақ Мәдиев.
 
    Айта кетейік, «Рахман қайнары» шипажайы 1964 жылы ашылған. Негізгі емдік фактор -  ауруларды емдеу үшін қолданылатын минералды радон сулары.