ШҚО Ұлан ауданы мәслихатының депутаттарымен келісімімен өңір басшысы Ермек Көшербаев ауданның жаңа әкімін таныстырды. Бұған дейін Арман Бекбосынов Павлодар облысының қала құрылысы және жер бақылау басқармасының басшысы қызметін атқарған.
Арман Бекбосынов ШҚО Зайсан ауданының тумасы, 1973 жылы туылған. Өскемен құрылыс-жол институтын бітірген, мамандығы бойынша автомобиль жолдарының инженер-құрылысшысы. Еңбек жолын Шығыс Қазақстан автомобиль жолдары қазыналық кәсіпорнының пайдалануға беру бөлімінде бірінші санатты инженер ретінде бастады. Әр жылдары Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Автомобиль жолдары комитетінде қызмет атқарды. Сондай-ақ Шығыс Қазақстан облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқамасының бастығы, Шығыс Қазақстан облысы Қатон-Қарағай, Глубокое аудандарының әкімі лауазымдарында жұмыс істеді. 2021 жылдан бастап Павлодар облысының қала құрылысы және жер бақылау басқармасының басшысы қызметін атқарған.