Шығыс Қазақстан облысында өрт қауіпті кезеңде облыс тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша кешенді жұмыстар жүргізілуде.
Өрт қауіпі кезеңнің басталуынан бері аумағы 0,3 га 8 орман өрті тіркелді, бұл өткен жылмен салыстырғанда 6,5 есеге аз.
Облыс аумағында жергілікті атқарушы органдардың қарамағындағы 13 орман шаруашылығы кәсіпорны, 2 табиғи қорық және 1 ұлттық парк бар. 52 мобильді топ құрылып, 964 рейдтік іс-шара өткізілді. Елді мекендерде өрт сөндіру бекеттері құрылды», - деді аймақ басшысына ШҚО табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Мұрат Құсайынов.
Шығыс Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар департаментінде жеке құрамында 1329 адамы, сондай-ақ 240 техника бар. Мемлекеттік орман күзеті 1361 адам мен 226 бірлік өрт сөндіру техникасы дайындады. Орман қорындағы әуе патрульдерін 4 бақылаушы ұшқыш және 15 десантшы өрт сөндіруші қызметін атқарады. Сондай-ақ, алдын алу мақсатында ұзындығы 90 шақырымды құрайтын минералданған жолақтарды салу жұмыстары басталды.
- Жауапты органдар үнемі сақтықта болуы тиіс. Барлығын дұрыстап тексеріңіздер. Жұмыс сағат механизмі сияқты реттеліп. Табиғат пен адамдарға зиянын тигізбеу керек, - деді облыс әкімі Ермек Көшербаев.
Аймақ басшысы халық арасында өрттің алдын алу бойынша ауқымды түсіндіру жұмыстарын жүргізудің маңыздылығын атап өтті. Сондай-ақ балалар лагерьлері мен туристік аймақтарда қосымша профилактикалық жұмыстар жүргізу қажеттігін еске салды.