Шығыс Қазақстан облысының әкімі Ермек Көшербаев өңірге жұмыс сапарымен келген Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаевпен кездесті.
Кездесу барысында өңіраралық ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды. Меморандумның негізгі мақсаты – екіжақты өзара тиімді ынтымақтастықты әрі қарай тереңдету.
2023 жылы Алматы қаласымен өзара сауда көлемі 30 млрд теңгеден асты. Айта кетсек, Шығыс Қазақстанда орасан зор ресурстар - орман, тұщы су, пайдалы қазбалар шоғырланған. Облыс еліміздегі балдың 77 % өндіріп, күнбағыс майын өндіруден көшбасшы болып табылады. Сондықтан да жоғары стандарттарға сай сапалы азық-түлік өнімдерін жыл бойы жеткізу негізгі байланыс нүктелерінің бірі болмақ.
Сондай-ақ энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы ынтымақтастық, инвестиция және туризмді дамыту мүмкіндіктері талқыланды.
Сапар соңында Алматы қасласынан келген делегация «Эмиль» және «Восток Молоко» сүт зауыттарына, «Алтай» көтерме-тұтыну орталығына, сондай-ақ Сол жағалау кешенінде орналасқан этноауылға барып қайтты.