Облыс әкімі Ермек Көшербаев Қазақстандағы адам құқықтары жөніндегі уәкіл Артур Ластаевпен кездесті.
Кездесу барысында Адам құқықтары жөніндегі уәкіл мен облыс әкімдігі арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.
Меморандумның негізгі мақсаты – өңірде адам құқықтары мен бостандықтарын сақтау мәселелерінде бірігіп жұмыс жасау.
Тараптар адам құқығын қорғау мәселесінде халықтың хабардарлығы мен құқықтық сауаттын арттыру әдістерін, сондай-ақ құқық қорғау мекемелерінің әлеуетін нығайтуды талқылады. Бұдан әрі азаматтардың құқығын қорғаусаласындағы ақпараттық қолдау және іс-шараларды ұйымдастыру бойынша өзара іс-қимыл жоспарланбақ.
Меморандум шеңберінде азаматтардың құқығы мен заңды мүддесін сақтамаудың алдын алу бойынша жүйелі жұмысты ұйымдастыруда ынтымақтастық, тәжірибе және ақпарат алмасу жүзеге асатын болады.