ШҚО-да аралас жекпе-жектен турнир өткізу жоспарлануда

ШҚО-да аралас жекпе-жектен турнир өткізу жоспарлануда
 Шығыс Қазақстан облысының әкімі Ермек Көшербаев аралас жекпе-жек өнерінің шебері Шавкат Рахмоновпен кездесті. Кездесу барысында өңірге атақты спортшыларды шақыра отырып, турнир өткізу ұсынысы айтылды. 
 
 – Спортшылар – өскеле ұрпаққа үлгі-өнеге. Осы ретте спорт жұлдыздарын шақыра отырып, аралас жекпе-жектен турнирлер өткізу арқылы біз жастарымызды спортпен тұрақты шұғылдануға және салауатты өмір салтын ұстануға тартатын боламыз. Бұл әсіресе ауылдардағы балалар үшін аса маңызды, – деді Ермек Көшербаев.  
 
    Естеріңізге сала кетейік, Шавкат Рахмонов UFC-де жартылай орта салмақта өнер көрсетеді. Халықаралық спорт ұйымымен келісімшартқа отырған алғашқы қазақстандық спортшының қоржынында 18 жеңіс бар.