
Тіркеу сағат 10.00-ден басталады.
Сессияға ұсынылатын күн тәртібі:
1. Облыс әкімінің оған жүктелген функциялар мен міндеттерді орындауы жөніндегі есебі.
Даниал Кенжетайұлы Ахметов - Шығыс Қазақстан облысының әкімі.
2. Шығыс Қазақстан облысында 2020 жылдың жаз кезеңінде балалардың демалысын, сауығуын және бос уақытын ұйымдастыру туралы.
Сайрангүл Ахметкәрімқызы Жұмәділова - Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасының басшысы.
3. Шығыс Қазақстан облысының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы басшысының Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасын орындау жөніндегі есебі.
Жасұлан Бірлікұлы Сәрсебаев - Шығыс Қазақстан облысының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының басшысы.
4. Бюджет, экономикалық реформалар және өңірлік даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның есебі.
Жасұлан Құдайбергенұлы Шаймарданов – тұрақты комиссия төрағасы.
5. Әртүрлі мәселелер.