«Mamma mia!» мюзиклі Өскеменде алғаш рет өтті

«Mamma mia!» мюзиклі Өскеменде алғаш рет өтті
Өскеменде «Mamma mia!» мюзиклінің премьерасы өтті. Мюзиклде Швецияның «ABBA» тобының 22 хит әні шырқалды. Оның ішінде: «Dancing Queen», «Money Money Money», «Take a Chance on Me», «The Winner Takes It All» және «Mamma Mia» әндері бар. Спектакльдегі диалог ағылшын тілінен қазақ тіліне аударылған, ал ондағы хит әндер ағылшын тілінде түпнұсқада орындалды.
 
 ⁃ Музыкалық спектакльге Шығыс Қазақстан облыстық драма театрының актерлері, сондай-ақ облыстық филармонияның солистері, әртістері және бишілері қатысты. Дәстүрлі аспаптық бөлімді бас дирижер, Қазақстан Республикасына еңбек сіңірген қайраткер Александр Галсановтың жетекшілігімен облыс әкімінің симфониялық оркестрі орындады, - деді Шығыс Қазақстан облысы мәдениет басқармасының басшысы Нұрболат Ахметжанов.
 
Айта кетейік, бұл мюзикл 1999 жылдан бері әлемнің 140-тан астам қаласында қойылған. Осы уақыт ішінде мюзиклді 27 миллионнан астам адам тамашалаған.