Өңір басшысы Ермек Көшербаевтың төрағалығымен Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің кезекті отырысы өтті. Шара барысында туризм саласын дамыту, сондай-ақ аймақтағы құрылыс жұмыстары талқыланды.

Өңір басшысы Ермек Көшербаевтың төрағалығымен Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің кезекті отырысы өтті. Шара барысында туризм саласын дамыту, сондай-ақ   аймақтағы құрылыс жұмыстары талқыланды.
   Облыс әкімі Шығыс Қазақстанның ескi Аустрия жолындағы көпірдің қазіргі жағдайын атап өтті. Катонқарағай ауданында орналасқан көпір тіпті жаяу жүріп өтуге де келмейді. 
 
  - Көпір шекара қызметінің меншігінде. Кәсіпкерлермен бірге мүмкіндік тауып, оны жөндеу қажет. Кейіннен мұндай жағдайлар туындамас үшін, құрылымды жөндегеннен кейін оның жайын әсіресе қыс мезгілінде бақылау қажет, - деді өңір басшысы.