Медициналық пункт құрылысы Мемлекет басшысының ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту жөніндегі тапсырмасын орындау шеңберінде жүзеге асырылады. Аталған медициналық пункт ауыл тұрғындарына алғашқы санитарлық-медициналық көмектің қолжетімділігін қамтамасыз етіп, тұрғындарға сапалы медициналық көмек көрсетуге арналған.
- Жаңа ғимарат баланың денсаулығы кабинетімен, заманауи талаптарға сай келетін процедуралық, терапиялық кабинеттермен жабдықталады. Медициналық көмекті ауыл мен ауылдық округтің 300-ден астам тұрғыны ала алатын болады, - деді Үлкен Нарын ауданы әкімінің міндетін атқарушы Елдос Байрахметов.
Облыстық денсаулық сақтау департаменті өкілінің айтуынша, медициналық пункт құрылысына республикалық және облыстық бюджеттен 217 млн теңге бөлінген. Мердігер «ГрадСтройСервис»ЖШС ұйымы.