
Аймақ басшысы Ермек Көшербаев бұқаралық ақпарат құралдарының қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне орай «Алтай» телеарнасының ұжымымен кездесті.
Облыс әкімі телеарнаның техникалық жабдықталуымен, арнаның ұжымымен танысқан соң, түсірілім алаңын аралады.
- Қазіргі еркін ақпарат айдынында адамдарға шынайы әрі негізгі хабар таратушылар - журналистер. БАҚ саласының мамандары оқиғаны бүкпесіз әрі кеңінен қамтып, қоғамда тұрақтылық орнатуға үлес қосады. Мемлекет пен журналистер бірлесе жұмыс істеп, мемлекеттік бағдарламалар аясында ақпаратпен қамтамасыз ету керек, - деді аймақ басшысы.
Кездесу соңында Ермек Көшербаев телеарна ұжымын мерекемен құттықтап, журналистерді алғыс хаттармен марапаттады.
ШҚО әкімінің баспасөз қызметі