2020 жылғы 15 шілдеде қоғамдық тыңдаулар өткізетіндігі туралы хабарлайды

2020 жылғы 15 шілдеде қоғамдық тыңдаулар өткізетіндігі туралы хабарлайды

Шығыс Қазақстан облысының Қоғамдық кеңесі 2020 жылғы 15 шілдеде сағат 11.00-де Өскемен қаласы, М. Горький көшесі 40 мекен-жайында (мәжіліс залы 108 каб.) қоғамдық тыңдаулар өткізетіндігі туралы хабарлайды.

Қарастырылатын сұрақтар:

  1. Шығыс Қазақстан облысының Қоғамдық кеңесінің құрамына өзгерістер енгізу туралы;
  2. Нормативтік құқықтық актілердің жобаларын қарау:
  • Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының «2020-2022 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» 2019 жылғы 13 желтоқсандағы №35/389-VI шешімге өзгерістер енгізу туралы» шешім жобасы;
  • Шығыс Қазақстан облыстық әкімдігінің «2020-2021 оқу жылына арналған жергілікті бюджет қаражаты есебінен жоғары білімі бар кадрларды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысы орналастырылатын жоғары оқу орындарының тізбесін бекіту туралы» қаулы жобасы;
  • Шығыс Қазақстан облыстық әкімдігінің «Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2019 жылғы 16 қыркүйектегі № 316 «Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асыру қағидаларын бекіту туралы» қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» қаулы жобасы;
  • Шығыс Қазақстан облыстық әкімдігінің «Орманда өрт қауіптілігі жоғары кезеңде жеке тұлғалардың Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттiк орман қоры аумағында болуына тыйым салу туралы» қаулы жобасы;
  • Шығыс Қазақстан облыстық әкімдігінің «Шығыс Қазақстан облысы Аягөз ауданы аумағындағы кең таралған пайдалы қазбаларды өндіру үшін «АБЅ групп» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне берілетін жер учаскелерінің тұстамасындағы Аягөз өзені және оның ағыстары атауы жоқ 1 және атауы жоқ 2 бұлақтарының су қорғау аймақтары мен су қорғау белдеулерін және оларды шаруашылыққа пайдалану режимін белгілеу туралы» қаулы жобасы;
  • Шығыс Қазақстан облыстық әкімдігінің «Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданында атауы жоқ бұлақтың су қорғау аймақтары мен су қорғау белдеулерін және оларды шаруашылыққа пайдалану режимін белгілеу туралы» қаулы жобасы;
  • Шығыс Қазақстан облыстық әкімдігінің «Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданы аумағында ауыл шаруашылығы жануарларын жаю үшін аукцион арқылы өткізуге арналған жер учаскесінің тұстамасындағы Бұланды өзенінің, Қараайғыр бұлағы мен 1, 2 атауы жоқ бұлақтардың су қорғау аймақтары мен су қорғау белдеулерін және оларды шаруашылыққа пайдалану режимін белгілеу туралы»;
  • Шығыс Қазақстан облыстық әкімдігінің «Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданы аумағындағы Бұқтырма өзені мен оның салалары, Бұқтырма су қоймасының және Мельничная өзенінің су қорғау аймақтары мен су қорғау белдеулерін және шаруашылыққа пайдалану режимін белгілеу туралы» қаулы жобасы;
  • Шығыс Қазақстан облыстық әкімдігінің «Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласының аумағында барлау жүргізіп, кейіннен құм-қиыршықтас қоспасын өндіру үшін «ВЕРФ-строй» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне берілетін жер учаскелерінің тұстамасындағы Ново-Явленка ауылы ауданындағы Ертіс өзені мен ағысына су қорғау аймақтары мен су қорғау белдеулерін және оларды шаруашылыққа пайдалану режимін белгілеу туралы» қаулы жобасы;
  • Шығыс Қазақстан облыстық әкімдігінің «Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданы аумағында ауыл шаруашылығы жануарларын жаю үшін аукцион арқылы өткізуге арналған жер учаскесінің тұстамасындағы Қайрақты бұлағы мен атауы жоқ бұлақ бастаулары үшін су қорғау аймақтары мен су қорғау белдеулерін және оларды шаруашылыққа пайдалану режимін белгілеу туралы» қаулы жобасы;
  • Шығыс Қазақстан облыстық әкімдігінің «Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданы аумағында ауыл шаруашылығы жануарларын жаю үшін аукцион арқылы өткізуге арналған жер учаскесінің тұстамасындағы Қыстау-Күршім өзені мен атауы жоқ бұлақтың су қорғау аймақтары мен су қорғау белдеулерін және оларды шаруашылыққа пайдалану режимін белгілеу туралы» қаулы жобасы;
  • Шығыс Қазақстан облыстық әкімдігінің «Шығыс Қазақстан облысы Алтай ауданы аумағындағы жер учаскесінің тұстамасындағы Погуляйка өзенінің, Андреев бұлағының су қорғау аймақтары мен су қорғау белдеулерін және оларды шаруашылыққа пайдалану режимін белгілеу туралы» қаулы жобасы;
  • Шығыс Қазақстан облыстық әкімдігінің «Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2007 жылғы 3 шілдедегі № 163 «Өскемен қаласындағы Ертіс өзені мен Үлбі өзенінің су қорғау аймағы мен су қорғау белдеуін және оларды шаруашылыққа пайдалану режимін белгілеу туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы» қаулы жобасы;
  • Шығыс Қазақстан облыстық әкімдігінің «Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданы Герасимовка ауылындағы су қоймасынан ұзақтығы 3,0 км учаскеде Ұлан өзенінің су қорғау аймағы мен су қорғау белдеуін және оларды шаруашылыққа пайдалану режимін белгілеу туралы» қаулы жобасы.

Ақпарат алуға арналған байланыс телефоны: 71-31-95,87751742644

Нормативтік құқықтық актілердің жобалары келесі сайттарда жарияланған:

http://www.akimvko.gov.kz/kz/akim-vko/normativno-pravovyie-aktyi/

http://www.maslihatvko.gov.kz/ru/