
2024 жылдың 10 мамырында 2023-2024 оқу жылына арналған құықтық жалпыға бірдей оқыту жоспары аясында Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппаратында қызметкерлерге арналған «Мемлекеттік қызметшілер мен мемлекеттік қызметке алғаш түскендерге «Documentolog» АЖ сыбайлас жемқорлыққа қарсы онлайн-курсты өту алгоритмі» атты семинар өткізілді.
Семинар мақсаты: мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды оқыту бағдарламасын түсіндіру.
Шарада облыс әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық бөлімнің бас маманы Е.В. Карпова сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл негіздерін және сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың талаптарын түсіндіріп, заңдар мен нормативтерді қамтитын, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлықты енгізу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы құралдарды меңгеру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы нормалар мен мінез-құлықтарды оқытуға тұтас көзқарас ұсынатын бағдарлама туралы ақпараттандырды. Семинар барысында қатысушылар барлық сұрақтарға толық жауап алды.