Біздің жауапкершілігіміздің аймағы!

Біздің жауапкершілігіміздің аймағы!

2024 жылғы 10 мамырда Өскемен қаласының «Юбилейный» кинотеатры персоналы үшін Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментінің терроризмге қарсы орталығы бөлімі және терроризмге қарсы комиссиясының қызметін қамтамасыз ету бөлімі өкілдерінің қатысуымен ақпараттық-түсіндіру іс-шарасы өткізілді.

Іс-шара барысында келесі тақырыптар талқыланды:

- терроризм актісі туралы анонимді хабарлама түскен жағдайдағы іс-қимыл алгоритмі;

- көрінеу жалған хабарлама үшін жазаның бұлтартпастығы;

- қолдан жасалған жарылғыш құрылғының белгілері және табылған жағдайдағы іс—әрекет алгоритмі;

- террористік сипаттағы қатерлердің салдарын азайту мен жоюды мақсатында кезекші қызметтерге хабарлау схемасы;

- терроризм актісін болғызбауға немесе жолын кесуге көмектескен ақпарат үшін сыйақы белгілеу және төлеу қағидалары;

- діни радикализм белгілері.

Іс-шара соңында, дағдарысты жағдай орын алған кездегі объектінің персоналын эвакуациялау және бастапқы өрт сөндіру құралдары жөніндегі нұсқаулықтарды ұйымдастыру бойынша ұсыным берілді.