Өскеменде Жеңіс күніне орай салтанатты шара өтті

Өскеменде Жеңіс күніне орай салтанатты шара өтті

Бүгін Өскемен қаласында жеңістің 79 жылдығына орай салтанатты шара өтті. Шығыс Қазақстан облысының әкімі Ермек Көшербаев ардагерлермен бірге мәңгілік алауға гүл шоғын қойды.
Айта кетсек, Шығыс Қазақстанда бүгінде 14 соғыс ардагері тұрып жатыр. Кеше бірқатар ардагерлермен облыс әкімі кездесіп, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың құттықтауын, «ШҚО Құрметті ардагері» төсбелгісін және естелік сыйлықтар табыстаған.
– Жеңіс күні баршамыз бейбіт өмір сыйлаған аға буынды ілтипатпен еске аламыз. Біздің қасиетті борышымыз – батырлар мен еңбек ардагерлерінің істерін құрметпен еске алып, жас ұрпаққа жеткізе білуіміз қажет. Ардагерлерге қамқорлық жасау – бүкіл қоғамның басты міндеті. Бүгінгі мерекеде баршаңызға зор денсаулық, амандық және бейбіт өмір тілеймін, – деді ШҚО әкімі Ермек Көшербаев.

Салтанатты шара концерттік бағдарламамен жалғасын тапты. Ал кешкі уақытта Даңқ мемориалды кешенінде соғыс жылдарында қаза тапқандарды еске алуға арналған «Өз шырағыңды жақ» акциясы өтеді.