
Шығыс Қазақстан облысы цифрландыру және архивтер басқармасының (бұдан әрі – басқарма) және оның ведомстволық бағынысты мекемелерінің қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелерін жария түрде талқылау отырысы өтті.
2024 жылға арналған ТБН-4 «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл» жобаларының картасын іске асыру аясында 6 мамырда «ЖАҢАРУ «сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалыс» республикалық қоғамдық бірлестігі филиалының директоры Ж. Н. Манаковпен, «ШҚО Азаматтық альянсы» ЗТБ директоры А. Т. Әшімовамен және «ШҚО әкімі аппаратының» Әдеп жөніндегі уәкілі М. Е. Беккужинамен бірлесіп басқарма қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау (бұдан әрі – ЖТІТ) нәтижелері бойынша жария түрде талқылау өтті»;
Талқылау барысында А. Е. Тұраров 10 сәуір мен 10 мамыр аралығында басқармада өткізіліп жатқан ЖТІТ нәтижелері жайында баяндады.
Ж. Н. Манаков анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою үшін қолдау көрсететінін және қоғамның сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының маңыздылығын атап өтті.
А. Т. Әшімова мен М. Е. Беккужина сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтауға ықпал ететін бірқатар пайдалы ұсыныстар берді.
Талқылау қорытындысы бойынша басқарма қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою жөніндегі іс-шаралар жоспары әзірленетін болады.