Оқиғадан хабардар болу!

Оқиғадан хабардар болу!

Қазіргі уақытта, терроризм мен экстремизмнің таралу қауіпі еліміздің қауіпсіздігіне төнетін шынайы қауіпке айналуда. Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникаллық университетінде «Терроризм актісін жасау қатерлеріне алғашқы әрекет ету» тақырыбында 80 қызметкерлерге ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті, полиция департаменттері, жергілікті атқарушы органдар өкілдерінің қатысуымен ақпараттық-түсіндіру іс-шарасы өткізілді.

Шара барысында терроризм актісін жасау белгілерін анықтау, ол туралы басшылыққа, құқық қорғау органдарына хабарлау, сондай-ақ, үй-жайларды тексеру техникасы бойынша дағдыларды алу, жарылғыш құрылғылар қоюға болатын орындарды анықтау әдістемесін жетілдіру, терроризм актісін болғызбауға немесе жолын кесуге көмектескен ақпарат үшін сыйақы белгілеу және төлеу қағидалары туралы ақпарат жеткізілді. Штаттық оқ-дәрілер және қолдан жасалған  жарылғыш құрылғылар көрсетілді.

Соңғы кезде әлемнің көптеген елдері үшін терроризммен күрес мәселесі аса өзекті болып отыр. Сабақ барысында көптеген өзекті мәселелер қозғалып, мысалдар келтірілді. Университет қызметкерлері бірқатар сауалдарға жауап алып, ұтымды мысалдарды тамашалай алды.