Құрметті шығысқазақстандықтар!

Құрметті шығысқазақстандықтар!

Сіздерді Қазақстан халықтарының бірлігі күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Бұл - ынтымақ пен келісім, көпұлтты еліміздің ұлтаралық татулығын дәріптейтін мереке. Халқымыздың басты адамгершілік құндылықтары – патриотизмді, ұйымшылдықты, жақсылық пен әділдікке ұмтылысты бейнелейтін жарқын мейрам. Сондықтан біздің ортақ міндетіміз – рухани және мәдени құндылықтарды сақтау, халықтың бірлігі мен елдегі тұрақтылықты нығайту.
Сіздерге және отбасыларыңызға амандық, құт-береке тілеймін! Тәуелсіз еліміздің іргесі бекем, татулығымыз баянды болсын!
Мереке құтты болсын!