«Қызыл ту» паром өткелінде тек бір паром жүріп тұр

«Қызыл ту» паром өткелінде тек бір паром жүріп тұр

Бүгін Бұқтырма су қоймасы арқылы өтетін «Қызыл ту» паром өткелінде екінші паромның сынуына пайланысты тек бір паром ғана жүріп тұр.
Қазіргі таңда жөндеу жұмыстары басталып кетті. Күршім, Самар аудандарының әкімдіктері тұрғындарды түсініcтік танытуларын сұрайды. Қосымша тағы бір паромды жұмылдыру бойынша мәселе қарастырылуда.
Сондай-ақ, салынып жатқан көпір маңында тәртіп сақшылары кезекшілік ұйымдастырып, техникалық көпірмен өтемін деушілерге қатаң шектеу қояды.