
Науқастардың ішінде 18 адам Семей қаласынан, 12 адам Өскемен қаласынан, Бородулиха, Алтай аудандарында 5 адамнан, Аягөз ауданында 4 адам, Глубокое ауданында 2 адам және 1 адам Күршім ауданының тұрғыны.
Эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша зертханалық талдаулар 9 науқастан бұрынырақ КВИ ауруын жұқтырған адаммен қарым-қатынаста болған тұлға ретінде алынса, өз өтінішімен ЖРВИ белгілерімен түскен 38 науқастан мониторинг жүргізу кезінде алынды.
Қазіргі уақытта қауіпті вирусты жұқтырған науқастардың барлығы инфекциялық стационарға жатқызылды.
Байланыста болған адамдарға эпидемиологиялық және медициналық тексеру жүргізу үшін ТКҚСҚБ аумақтық басқармасының мамандары мен медицина қызметкерлерінен құралған мобильді топ ұйымдастырылып, ошақтарға қорытынды дезинфекция жүргізілуде.
Осы уақыттағы жағдай бойынша облыста коронавирусты жұқтырған 507 адам тіркелді. Сауығып шыққандар саны – 169.