
Өскемен қаласының жастар ресурстық орталығының еріктілері мен белсенділері «Таза Қазақстан» акциясына қолдап, Шешек асуындағы бұлақтың айналасын тазартты.
Қала шетіндегі Шешек асуы өскемендіктердің сүйікті демалыс орындарының бірі. Жолаушылар мен саяхатшылар да бұл жерге аялдамай өтпейді. Сондықтан мұнда қоқыс та аз емес. Дегенмен сенбілік аясында қала жастары бұлақтың айналасына әп-сәтте жайнатып жіберді.
– Мұндай акцияларды әрдайым қолдаймыз. Жауапты әрі еңбекқор жастардың әрекеті көңілге қауныш ұялатады, – деді қаланың ішкі саясат бөлімінің басшысы Әлібек Тұрсымбетов.
Бөлім басшысы алдағы уақытта Шешек асуына аялдаған жолаушылар тазалыққа көңіл бөледі деген сенім білдірді.