ШҚО әкімі Ермек Көшербаев аудан әкімдері мен орман шаруашылығы инспекциясының қызметкерлеріне алдағы маусымда тілсіз жау қаупіне сақадай-сай болуды тапсырды

ШҚО әкімі Ермек Көшербаев аудан әкімдері мен орман шаруашылығы инспекциясының қызметкерлеріне алдағы маусымда тілсіз жау қаупіне сақадай-сай болуды тапсырды

Күннің жылынуы өрт қаупін күшейтеді, аудандардағы өрт сөндіру посттары кез-келген жағдайға дайын болуы керек. Сонымен қатар, өңір аумағында бірқатар лагерьлер жазда өз жұмысын бастайды. Қызыл жалын айтып келмейді, төтенше жағдай кезінде ең бірінші балаларды құтқару басты міндетіміз,-деді өңір басшысы

Сондай-ақ,төтенше жағдай кезінде лагерьлердегі демалушыларды эвакуациялауға варналған  шығу жолдары көрсетілген схемалар, нысанның өрт қауіпсіздігі ережелері мен шаралары туралы ақпарат орналасқан стендтер болуын атап өтті. Облыс әкімі оқу жылының соңына дейін облыс мектептерінде өрт қауіпсіздігі ережелері тақырыбында сабақтарды жүйелі жүргізу, оқу жаттығуларын өткізуді тапсырды