Өңір басшысы тасқын жүру қаупі бар барлық аудандарға тәулік бойы мониторинг жүргізу керектігін атап өтті. Аталған аймаққа Алтай ауданы бойынша 12 елді мекен кіреді. Ермек Көшербаев кез-келген өзгерістерге дайын болып, мемлекеттік орган басшыларына жедел ден қою жоспарын құруды тапсырды.
Сондай-ақ, жедел кеңес барысында облыс әкімі елді мекендерді абаттандыру жұмысына аса назар аударуды ұсынды. Жерлестерімізді экологиялық акцияларға белсенді қатысуға шақырып, аймақтың тазалығы әр адамның өз ауласын ретке келтіруден басталатынын еске салды.
Бүгінде Алтай ауданындағы туризмді дамыту - өзекті мәселелердің бірі. Алтай - Катонқарағай ауданына апаратын логистикалық туристік аясында аймақтағы "жасыл" туризмді дамыту қажет, ол үшін өңірдің креативті экономикасын дамыту көзделген. Алтай аймағы туристер жиі шоғырланатын танымал орталыққа айналуы керек, себебі пайдалы қазбалар ертелі - кеш сарқылатыны анық. Елді мекендердің экономикалық өсуін әртараптандыруға дайын болуымыз қажет. Атап өтейік, ауыл тұрғындарының «Еңбек ұтқырлығы» орталығы арқылы тың идеялары үшін грант иегері атануға нақты мүмкіндіктері бар. Кеңес қорытындысы бойынша облыс әкімі мемлекеттік орган басшыларына аталған мәлеселер мен бастамалар бойынша тапсырма берді.