Шығыс Қазақстанда «Starlink» ғаламтор желісі ауылдық мектепте іске қосылды

Шығыс Қазақстанда «Starlink» ғаламтор желісі ауылдық мектепте іске қосылды

​Үлкен Нарын ауданының Сенное ауылының жалпы білім беру мектебіне «Starlink» спутниктік ғаламторы орнатылып, іске қосылды.

​ШҚО Цифровизация және мұрағаттар басқармасында мәлімдегендей, биыл аймақтың 170 мектебіне аталмыш желі орнатылуы жоспарланған. Дегенмен, ол мектептерге кейін толыққанды ғаламтор желісі жүргізілетін болады.

​«Starlink» қазірде сапасы жағынан алда тұрған желілердің бірі. Оның жылдамдығы 120 мбит/сжәне одан жоғары болуы мүмкін. Сондай-ақ, оның іске қосу жолы да жылдам.